locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы ӘЧ іріктеу матчтарына қалай дайындалып жатыр. Фото

Кадрлардан құраманың негізгі ойыншыларын көруге болады
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы ӘЧ іріктеу матчтарына қалай дайындалып жатыр. Фото
ФОТО: KFF

Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы матчқа дайындалып жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншыларының жаттығу сәттерінен фотосуреттер жариялады.

Кездесу Астанада 10 қазанда өтеді.

Үш күннен соң, 13 қазанда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы өнер көрсетеді.

Ұлттық команданы бұл ойындарға бас бапкердің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов дайындап жатыр. Ол құрамаға тек іріктеу кезеңі соңына дейін жетекшілік етеді.

Кеше поляк басылымдары Польша құрамасының бұрынғы бапкері Михал Пробеждің Қазақстан футбол федерациясымен ынтымақтастықтың егжей-тегжейін келісіп қойғанын хабарлаған еді. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Бұған дейін қазан айындағы матчтарда құраманың Дастан Сатпаевтың қатыспайтыны анық болған еді.

ФОТО: КФФ

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie