Қазақстан – Лихтенштейн. Әлем чемпионаты іріктеу матчына арналған бастапқы құрамдар
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Лихтенштейн құрамаларының бастапқы ойыншылары белгілі болды.
Қазақстан: Сейсен, Қайыров, Қасым, Әліп, Вороговский, Зайнутдинов, Қуат, Самородов, Оразов, Кенжебек, Чесноков.
Лихтенштейн: Бюхель, Хофер, Шлегель, Геппель, Нотаро, Зеле, Хаслер, Киндле, Люхингер, Цюнд.
Кездесу бүгін, 10 қазанда, Астанада өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Осы ойын алдында Қазақстан құрамасының еншісінде бес матчтан кейін үш ұпай бар, ал Лихтенштейн құрамасы бес кездесуден кейін әлі ұпай жинаған жоқ.
Айта кету керек, Қазақстан құрамасының осы іріктеу кезеңіндегі жалғыз жеңісі дәл осы Лихтенштейнге қарсы болған, ол кезде 26 наурызда Вадуцте Қазақстан сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.