Атыраулық футболшылар Ақтөбеге қарсы ойынға шықпаймыз деп қорқытты
“Атырау” футбол клубының ұжымы 2025 жылдың басынан бері жалақы төленбей жатқанына байланысты облыс әкіміне үндеу жасады.
Үндеуде айтылғандай, футболшылар да, клубтың барлық қызметкерлері де жыл басынан бері жалақыларын ала алмай келеді. Команда Атырау облысының әкімдігіне түсініктеме беруді сұрады, өйткені барлық спорт ұйымдары облыстық бюджеттен қаржы алып үлгерді.
“ЖаркOFF” телеграм арнасының хабарлауынша, ертеңнен бастап команда бойкотқа шығып, жұмысқа барудан бас тартады.
“Мұнайшылар” 30 наурызға жоспарланған Қазақстан чемпионатының 3-ші турында “Ақтөбемен” өтетін ойынға да бойкот жариялауы мүмкін.
Қаржылық қиындықтарға қарамастан, клуб трансфер жасауды жалғастыруда. Жақында “Атырау” командасына орталық шабуылшы Цветелин Чунчуков келіп қосылды.