locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ақтөбе» «Атырауды» ойсырата жеңді, Левчук: Бриллиант ұпай жеңіп алдық

Футбол
Азат Максутбек
Азат Максутбек
«Ақтөбе» «Атырауды» ойсырата жеңді, Левчук: Бриллиант ұпай жеңіп алдық
ФОТО: ФК Актобе

Футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Ақтөбеліктер» сырт алаңда «Атырауға» барып, қарсыласын 4:0 есебімен жеңіп, сенімді жеңіске жетті.

Кездесуді қонақтар жылдам голмен бастады: 8-минутта Уче Агбо есеп ашты. Екінші таймда алаң иелері ойынын жақсартуға тырысқанымен, Гильерме Перейраның 38-минутта соққан автоголы олардың жағдайын қиындата түсті. Үзілістен кейін ақтөбеліктердің басымдығы жалғасты: 68-минутта Джордье Ивкович есепті 3:0-ге жеткізсе, Дархан Бердібек 89-минутта гол соғып, матчтың соңғы нүктесін қойды.

Ойыннан кейін «Ақтөбе» командасының бас бапкері Вячеслав Левчук командасының жеңісі туралы былай деді:

«Барлық мұсылмандарды осы қасиетті мерекемен құттықтап, оларға денсаулық, бақ-береке және бейбіт аспан тілеймін. Матчқа келетін болсақ, ұзақ үзілістен кейін чемпионаттың ақыры қайта жалғасқанына өте қуаныштымыз. Енді маусым басталуында және бұл ойын біз үшін ұзақ кезеңге басталатын кезең болды».

«Мұндай қарсыласты, тіпті сыртта да жеңу өте маңызды. Менің ойымша, бүгін біз осы тамаша қалада алтын ғана емес, бриллиант ұпайларын ұтып алдық десем болады. Бұл жерден кез келген команда жеңіспен кете алмайды, сондықтан бұл нәтиже біз үшін ерекше құнды" - деді Левчук.

«Ақтөбе» келесі кездесуін өз алаңында өткізіп, онда «Қайсарды» қабылдаса, бір күннен кейін «Атырау» «Қайратты» қабылдайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie