«Ақтөбе» «Жеңіске» қарсы матчтың шолуын ұсынды
«Ақтөбе» футбол клубы елордалық «Жеңіске» қарсы матчтың бейнешолуын ұсынды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Видеода қауіпті шабуылдар, гол соғуға жақын эпизодтар және матчтағы ең жарқын сәттер қамтылған.
Бейнешолу клубтың ресми ресурстарында жарияланды.
Еске салайық, «Ақтөбе» Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аясында «Жеңісті» жеңіп, өз алаңындағы кездесуде үш ұпайға ие болды.
Матч 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 81-минутта «Ақтөбе» шабуылшысы Артур Шушеначев соқты. «Жеңіс» есепті теңестіре алмады, ал алаң иелері ойын соңына дейін минималды басымдығын сақтап қалды.
Осы жеңістен кейін «Ақтөбе» 38 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде бесінші орынға көтерілді. «Жеңістің» еншісінде 29 ұпай бар. Елордалық клуб сегізінші орында тұр.