locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қатарынан 9 жеңіліске ұшыраған «Атырау» 96-минутта бір ұпайды жұлып алды. Жетісуде – ҚПЛ-да жеңіс жоқ

Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
«Атырау» - «Жетісу»
ФОТО: kff.kz

Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры аясындағы ойында Атырауда аттас команда Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдады. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Бірінші тайм голсыз аяқталды. Екінші таймның басында Руслан Болов есеп ашты. Бұл гол семиречендіктерге 2025 жылғы чемпионаттағы алғашқы жеңісін әкелгендей болды, бірақ матчқа қосылған алтыншы минутта-ақ «мұнайшылар» қарымта голды соқты. Заза Цицкишвили ерекшеленді.

Осы тең есеппен «Атырау» тоғыз матчтық жеңіліс сериясын аяқтады. 11 матчтың қорытындысы бойынша мұнайшылар 4 ұпаймен 14 команданың ішінде 12-орында келеді.

Өз кезегінде «Жетісу» әлі чемпионаттағы алғашқы жеңісіне жете алмай келеді. 9 кездесуден кейін талдықорғандық клубтың еншісінде 5 ұпай (5 тең ойын). Жетісулықтар да гол соғуда қиналады – тоғыз ойында бар болғаны үш гол. «Жетісу» 11-орында.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie