«Астон Вилла» - «Манчестер Юнайтед». Онлайн қарау. Live трансляция
Бирмингемдік және манчестерлік командалар Англия Премьер-лигасында кездеседі
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Getty Images
21 желтоқсан күні Англия Премьер-лигасының 17-туры аясында Бирмингемде «Астон Вилла» мен «Манчестер Юнайтед» өзара күш сынасады.
Бұл тартысты ойынды тікелей эфирде Setanta Sports телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Матчтың ең қызықты сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz арнасында!
Бирмингем және Манчестер командалары арасындағы текетірес Астана уақытымен 21:30-да басталады.
Бұл кездесуге дейін «Астон Вилла» Премьер-лига турнир кестесінде 33 ұпаймен үшінші орында келеді. Ал «Манчестер Юнайтед» 26 ұпай жинап, жетінші сатыда тұр.