locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астананың» аяғынан шала ма? ҚПЛ 13-турының орталық ойыны алдында төрешілік жанжал шықты

Желіде ойын бір бағытта төреленеді деген ақпарат пайда болды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
«Астананың» аяғынан шала ма? ҚПЛ 13-турының орталық ойыны алдында төрешілік жанжал шықты
ФОТО: ҚР ҰОК

Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры аясындағы «Ақтөбе» мен елордалық «Астана» арасындағы орталық ойын алдында ғаламторда бұл матчқа төрешілердің бейтарап болмайтыны туралы ақпарат пайда болды.

Журналист Владимир Жарковтың айтуынша, Ақтөбедегі Орталық стадионда төрешілер елордалық клубты «тоқтатуға» тырысады. Журналист бұл ақпаратты бір-бірімен байланысы жоқ екі дереккөзден алғанын айтты.

Бұған дейін 11-турда «Қайратқа» қарсы ойында «Ақтөбеге» қатысты тағы бір төрешілік жанжал орын алған болатын. Ол кезде көрермендер мен сарапшылар матчтың бас төрешісі Александр Затулдың жұмысына наразы болды. Ойын «Қайраттың» (2:1) азшылықтағы жеңісімен аяқталды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie