locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Оралхан Өміртаев «Астанамен» ойында жіберіп алған мүмкіндігі үшін «Ақтөбенің» жанкүйерлерден кешірім сұрады

«Қызыл-ақтардың» ойыншысы жанкүйерлерге үндеу жасады
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Оралхан Өміртаев «Астанамен» ойында жіберіп алған мүмкіндігі үшін «Ақтөбенің» жанкүйерлерден кешірім сұрады
ФОТО: ФК Актобе

«Ақтөбенің» ойыншысы Оралхан Өміртаев Қазақстан чемпионатының 13-турында «Астанаға» қарсы ойында (0:1) жіберіп алған мүмкіндігі үшін «қызыл-ақтардың» жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

«Барлығыңыздан теппей қалған мүмкіндік үшін кешірім сұраймын. Бірақ, кейбір кісілер «әдейі тепкен жоқсың» деп жазып жатыр. Мен ондай ойыншы емеспін. Алла алдында тазамын, және әрбір ойында 100 пайызға ойнаймын», - деп жазды Өміртаев Instagram парақшасында.

Ойынның 69-минутында ойыншы елордалық клуб қорғаушыларынан бөлініп шығып, қақпашымен бетпе-бет шықты. Бірақ жойқын позициядан тебудің орнына допты астына жылжытып, Алекс Амановичке тап болды.

ФОТО: omirtaevoral Instagram парақшасы
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie