Астаналықтардың ойыны төрт голмен аяқталды. Елордалықтар «Қайраттың» оңбағанын пайдаланып қалды ма?
Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясындағы ойында елордалық «Астана» өз алаңында Жезқазғанның «Ұлытауын» қабылдап, 4:0 есебімен басым түсті.
Есепке қарамастан «Ұлытау» бірінші таймда қателеспей ойнады. Командалар үзіліске 0:0 есебімен шықты. Екінші таймның басында алаң иелері екі рет гол соқты. Алдымен Усман Камара гол соқса, екі минуттан кейін Макс Эбонг есепті еселеді. Екінші таймның ортасында Джеффри Чинеду үшінші голды соқты. Матчтың негізгі уақытында Дритон Цамай соңғы нүктені қойды. Нәтижесінде 4:0 елордалықтардың жеңісі.
Осы жеңістен кейін «Астана» турнир кестесінде «Қайратты» қуып жетіп, соғылған және жіберген голдарының айырмашылығының арқасында олардан да озып кетті. Кеше «Қайрат» кездесу барысында 2:0 есебімен алға шыққан семейлік «Елімайдан» 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Жезқазғандық клуб 14 ұпаймен соңғыдан кейінгі орында қалды.
ҚПЛ, 21-тур
Астана – Ұлытау – 4:0 (0:0)
Голдар: Камара, 51, Эбонг, 53, Чинеду, 68, Цамай, 90+3