«Астана» жанкүйерлер үшін тегін матч өткізбек
Клуб «Ұлытауға» қарсы ойында билет сатпау туралы шешім қабылдады
Футбол
Темірбеков Самрат
Журналист
ФОТО:FC Astana
Еурокубоктағы сәтсіздіктен кейін «Астана» клубы өз жанкүйерлеріне алғыс ретінде алдағы жексенбіде өтетін «Ұлытауға» қарсы матчқа тегін кіруге мүмкіндік бермек.
Лига конференциясының үшінші іріктеу кезеңінде жарыс жолынан шыққаннан кейін, елордалық «Астана» клубы жанкүйерлердің қолдауына ризашылығын білдіру мақсатында кезекті ҚПЛ ойынына билеттерді тегін таратпақ.
Бұл бастама тек бір матчқа — «Ұлытауға» қарсы өтетін кездесуге ғана қатысты. Клуб әзірге ресми түрде жарияламағанымен, ақпарат дереккөздер арқылы тарап жатыр.
Ашық кіру арқылы клуб трибунадағы атмосфераны жақсартып, жанкүйерлер сенімін қайта оралтуға ниетті. Матч жексенбі күні өтеді деп жоспарланған.