«Астана» сегіз гол соғылған матчта «Ақтөбені» жеңді. ҚПЛ чемпионы келесі турда анықталады
19 қазан күні ҚПЛ-дың 25-турында «Астана» мен «Ақтөбе» кездесті.
Ойынның бірінші таймы нағыз голға толы болды! Елорда ұжымы бұл бөлікте 4:2 есебімен алға шықты!
Астаналықтар сапында нигериялық Джеффри Чинеду дубль авторы атанса, гвинеялық Усман Камара мен албандық Назми Грипши де бір-бір голдан еншілеріне жазды. Ал «Ақтөбе» үшін Гаити өкілі Жайро Жан мен Нигериялық Даниэль Соса мергендігімен көзге түсті.
Екінші тайм басталысымен-ақ Джеффри Чинеду хет-трик жасап, тамаша нәтижеге қол жеткізді. Бұл сәтке «Ақтөбе» Артур Шушеначевтің голымен жауап қатты.
Осылайша, «Астана» тартысты ойында 5:3 есебімен жеңіске жетті!
Қазақстан Премьер-лигасы. 25-тур
«Астана» - «Ақтөбе» - 5:3
Голдар: Джеффри Чинеду, 10, 34, 50, Камара, 21, Грипши, 45+2 – Жан, 13, Соса, 40, Шушеначев, 62.
«Ақтөбе» 42 ұпаймен Премьер-лигада бесінші орында.
«Астана» 56 ұпай жинап, ҚПЛ-да екінші сатыда. «Қайрат» 58 ұпаймен көш бастап тұр.
Жүлденің тағдыры 26-турда шешіледі: 26 қазанда «Қайрат» өз алаңында «Астанамен» кездеседі.