Кравец «Барыстың» «Северстальға» қарсы матчқа арналған құрамын жариялады
25 қарашада ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» астаналық командасы өз алаңындағы екі матчтан тұратын сериясын аяқтайды. Қарсыласы — череповецтік «Северсталь», деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.
«Барыс» - «Северсталь»: онлайн көру. ҚХЛ матчының LIVE-трансляциясы
Астаналық команданың бас бапкері Михаил Кравец ойынға арналған құрамды жариялады.
«Барыстың» құрамы:
Николаев (Нурек);
Морелли - Пилон - Бэйли, Масси - Данияр;
Симонов - Логвин - Томпсон, Маккошен - Дэй;
Өмірбеков - Шестаков - Қайыржан, Диханбек - Приски;
Саркенов - Шайхмедденов - Әсетов, Ляпунов - Оразов.
29 матч өткізгеннен кейін астаналық клубтың еншісінде 29 ұпай бар. «Северсталь» дәл осынша ойыннан соң 38 ұпай жинады.
«Барыс» алдыңғы матчта өз мұз айдынында минскілік «Динамоға» 1:2 есебімен жол берді. Бұл Михаил Кравец командасының ҚХЛ-дегі қатарынан үшінші жеңілісі болды.
Ал «Северсталь» алдағы кездесуге қатарынан алты жеңіспен келіп отыр. Череповецтік клуб соңғы матчында сырт алаңда новосібірлік «Сибирьді» 4:2 есебімен ұтты.
Командалар арасындағы алдыңғы кездесу ақпан айында Астанада өтті. Сол жолы «Северсталь» овертаймда 3:2 есебімен жеңіске жетті.