locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аршавин жарқын жеңістен кейін Қазақстан құрамасының ойыншысын атап өтті

Бұрынғы футболшы Нұралы Әліптің РПЛ-дегі ойынына баға берді
Фото: Зенит

Андрей Аршавин «Зениттің» «Краснодарға» қарсы матчында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің ойынына жоғары баға берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы қазақстандық ойыншының бразилиялық қорғаушы Ниномен өзара іс-қимылын атап өтті. Оның пікірінше, петерборлық команданың орталық қорғаушылары шабуылшы Джон Кордобаны сәтті бейтараптандырған. Ол бұл жұпты ерекше атап көрсетті.

Аршавин «Краснодар» шабуылшысын Ресей чемпионатындағы үздіктердің бірі деп атады. Сондай-ақ ол «Зенит» сенімді әрі мығым ойын көрсетсе, қысқы үзіліске турнир кестесінің көшін бастап жетуі мүмкін екенін айтты.

РПЛ-дің оныншы турындағы кездесу петерборлықтардың 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды. Дереккөздің мәліметінше, Әліп алаңда 91 минут өткізіп, Ресей Премьер-лигасының оныншы турында қорғаныста жеңген жекпе-жектер саны бойынша барлық ойыншының арасында бірінші орын алған.

Он турдан кейін «Зенит» 21 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында тұр. Команда 22 ұпайдан жинаған мәскеулік «Динамо» мен ЦСКА-дан бір ұпайға қалып келеді. «Краснодардың» да қоржынында 21 ұпай бар, ал мәскеулік «Спартак» 20 ұпай жинаған.

Қазақстандық қорғаушы командасына жоғары орындар үшін күрестегі басты қарсыластардың бірімен болған матчта жеңіске жетуге көмектесті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie