locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қарабах» Чемпиондар лигасында керемет камбэк жасады! Әзірбайжандықтар сырт алаңда «Бенфиканы» жеңді

Алексей Кащуктың голы әзірбайжан командасына әдемі жеңіс сыйлады
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
«Қарабах» Чемпиондар лигасында керемет камбэк жасады! Әзірбайжандықтар сырт алаңда «Бенфиканы» жеңді
ФОТО: Getty Images

16-нан 17 қыркүйекке қараған түні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 1-турындағы «Бенфика» – «Қарабах» матчы өтті.

Осы кездесудің алғашқы таймы Лиссабон командасының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Энцо Барренечеа мен Вангелис Павлидистің голдарына әзірбайжан командасы Леандру Андраде орындаған дәл соққымен жауап берді. Айта кетейік, португалиялықтардың құрамында украиналық жаңа ойыншы Георгий Судаков екі нәтижелі пас берді.

Екінші таймда «Қарабах» нағыз мегакамбэк жасады! Алдымен, Камило Дуран есепті теңестірді, ал 86-минутта Алексей Кащук керемет голымен әзірбайжандықтарға сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіс сыйлады! Тағы бір қызығы – украиналық футболшы 77-минутта алаңға шығып, Лиссабонда өткен кездесудің нағыз қаһарманына айналды!

Чемпиондар лигасы. 1-тур

«Бенфика» – «Қарабах» – 2:3 (2:1)

Голдар: Барренечеа, 6, Павлидис, 16 – Леандру Андраде, 30, Дуран, 48, Кащук, 86.

Қазақстандық «Қайрат» та Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні Лиссабонда «Спортингке» қарсы сырт алаңда өткізеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie