«Қарабақ» таңғажайып камбэкпен «Бенфиканы» жеңді. Жеңіс голының авторы Кащук туралы не белгілі?
16-нан 17 қыркүйекке қараған түні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бірінші турында «Қарабақ» ерік-жігер танытып, Лиссабонда «Бенфиканы» жеңіп кетті.
Португалиялықтар есепте 2:0 алда болған еді, бірақ Әзірбайжан клубы матчта теңдік орнатып қана қоймай, алға да шықты.
Жеңіс голын алаңға қосалқы құрамнан шыққан Алексей Кащук соқты. Украина құрамасының қақпашысы Анатолий Трубинге, яғни донецкілік «Шахтердегі» бұрынғы әріптесіне, украиналық футболшы 86-минутта гол соғып, матчтың басты қаһарманы атанды.
Осылайша, Кащуктың голы «Қарабаққа» сырт алаңдағы 2:3 есебімен тарихи жеңіс сыйлады!
Алексей – Донецк «Шахтерінің» түлегі. Ол «кеншілердің» негізгі командасында 2019 жылдан бастап өнер көрсетті. 2024 жылға дейін «Шахтердің» ойыншысы болды, кейін толыққанды «Қарабақ» сапына өтті.
Оған дейін ол жалға алу құқығымен «Мариуполь» және Әзірбайжанның басқа «Сабах» клубында да ойнады.
Кащук Украина жастар құрамасының түрлі жас санаттарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ол Париж-2024 Олимпиада ойындарында Украина олимпиадалық құрамасы сапында да ойнады.
Оның басты жетістіктері – «Шахтермен» бірге Украина чемпионы және 2023/2024 маусымында Донецк командасымен Украина кубогының иегері атануы.
«Қарабақпен» бірге ол 2024/2025 жылғы Әзірбайжан чемпионатын ұтты.
Украина жастар құрамасымен 2019 жылғы әлем чемпионатын (U-20) жеңіп алды, сондай-ақ 2023 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды (U-21).