Арақашықтық артуда: Реалдың сәтсіз матчынан кейін Ла Лиганың топ-6 кестесі қалай өзгерді?
Каталондық клуб мадридтік қарсыластарынан алшақтай бастады
Футбол
Серик Амирбек
Редактор
ФОТО: Getty Images
Испания чемпионатының 15-турында испандық грандтардың ойындары өтіп, нәтижесінде турнир кестесінің алғашқы алтылығындағы командалардың орналасуы белгілі болды.
Мадридтік «Реал» күтпеген жерден өз алаңында бірде-бір гол соға алмай «Сельтаға» есе жіберді, ал «Барселона» сырт алаңда бетиспен голға бай кездесуде жеңіске жетті.
Осы ойындардан кейін каталондықтар Ла Лига турнир кестесінің көшбасшысы мәртебесін нықтай түсті — олардың еншісінде 40 ұпай, және «корольдік клубтан» төрт ұпайға алда келеді. «Бланкостар» екінші орында — 36 ұпай.
Үздік үштікті 35 ұпай жинаған «Вильярреал» қорытындылайды. Одан кейін «Атлетико» (31), «Эспаньол» (27) және «Бетис» (24) жайғасты.