Торрес хет-трик жасаған матчта. «Барселона» «Бетисті» сегіз гол соғылған ақылға қонымсыз ойында жеңді
6 желтоқсан, сенбі күні Испания Ла Лигасының 16-турында «Бетис» өз алаңында «Барселонаны» қабылдады.
Кездесудің алғашқы таймы нағыз шоуға айналды — жанкүйерлер бірден бес (!) голдың куәсі болды.
Алты минутта Антони есепті ашты. Алайда бұл қонақтардың еңсесін түсірмеді. Ферран Торрес екі минутта дубль жасап, 13-минутта-ақ «блауграна» 2:1 есебімен алға шықты.
Кейін Руни Барджи командасының басымдығын айқын етті. Ал үзіліске санаулы минуттар қалғанда Торрес хет-трик жасап, есепті 4:1-ге жеткізді. Осылайша, командалар Ханси Флик шәкірттерінің айқын басымдығымен үзіліске кетті.
Ойынның екінші бөлігі интригаға аса бай бола қоймады. Сағатқа жақындаған тұста Ламин Ямаль пенальтиден бесінші голды соқты.
Алаң иелерінің еңсесі түспеді. Диего Льоренте бір гол айырмасын қысқартты, кейін Кучо пенальтиді сәтті орындады. Бірақ бұдан арыға «Бетис» шамасы жетпеді. Қорытынды есеп – каталондықтардың 5:3 есебіндегі жеңісі.
Флик командасы турнир кестесінде көшбасшылығын нығайтты, «Реалдан» төрт ұпайға ұзап кетті. Дегенмен, мадридтік клуб 15-турдағы өз матчін 7 желтоқсанда өткізеді.
Ла Лига, 15-тур
«Бетис» – «Барселона» – 3:5
Голдар: Антони, 6, Льоренте, 85, Кучо, 90 (пенальти) – Ферран Лопес, 11, 13, 40, Барджи, 31, Ямаль, 59 (пенальти)