Апат. «Барселона» «Челсимен» болған ойынның алғашқы таймында-ақ азшылықта қалды
Ханси Флик шәкірттері үшін ойын хаосқа айналды
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Ойынның бірінші таймының ортасында «Челсимен» болған матчта «Барселона» қорғаушысы Жюль Кунде автоголмен көзге түсті. Каталондықтардың тағы бір қорғаныс тірегі Рональд Араухо да қарсыластарына «көмектесіп», алаңнан мерзімінен бұрын кетті.
32-минутта уругвайлық қорғаушы төрешімен пікірталасқаны үшін сары қағаз алды, ал арада 12 минут өткен соң, Араухо Марк Кукурельяға қарсы қосымша фол жасап, төреші Славко Винчич центрбекке екінші сары қағазын көрсетіп, нәтижесінде алаңнан қуылды.
Бірінші таймнан кейін есеп 1:0 алаң иелерінің пайдасында, алайда сандық басымдық «Челси» үшін тіпті үлкен артықшылыққа айналуда.