locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мареска мен Флик «Челси» – «Барселона» матчынан кейін сұхбат берді

Италиялық және неміс мамандар Чемпиондар лигасы кездесуі туралы пікір білдірді
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Getty Images

Лондондық «Челси» өз алаңында «Барселонаны» сенімді түрде 3:0 есебімен жеңді.

Ойыннан кейін командалардың бапкерлері Ханси Флик пен Энцо Мареска пікірлерін айтты.

Ханси Флик: «Келесі ойындарға оң көзқараспен қараймын. Алда тағы үш матч бар. Бұл – тоғыз ұпайға мүмкіндік. Сонымен қатар, Рафиньяның оралуына қуаныштымын. Педри де қайта оралады. Біз жұмысымызды жалғастыруымыз керек, позитивті көңіл-күйді сақтау маңызды»

Энцо Мареска: «Жеке өзім үшін бұл – үлкен жеңіс, әсіресе қарсыласымыз «Барселона» болғандықтан. Бұл маңызды ойын еді. Енді келесі матчқа дайындаламыз. Жексенбіде бізді «Арсеналға» қарсы кездесу күтіп тұр. Жұма күнінен бастап «Арсеналға» дайындықты бастаймыз. Бірақ «Барселонамен» болған бұл жеңіс өте жағымды болды»

«Челси» «Барсаны» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл есеп Жюль Кундэнің автоголы мен Эстеван Виллиан және Лиам Делаптың голдарының арқасында тіркелді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie