Андрей Мартин «Тұранмен» ойыннан кейін: Біз үшін үш ұпай алу маңызды болды


«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин «Тұранға» (1:0) қарсы өткен оңтүстік дербидің қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Қазақстан Премьер-лигасының 6-шы турында «Ордабасы» өз алаңында Түркістаннан келген көршілері «Тұран» командасын қабылдады. Андрей Мартин шәкірттері оңтүстік дербиде 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын бірінші таймның соңында бразилиялық ойыншы Эвертон Мораес соқты. Сондай-ақ шымкенттіктердің қақпашысы Бекхан Шайзада бірінші таймда пенальтиден допты қайтара алды.
«Оңтүстік дербидің не екенін білеміз - бұл бітіспес қарсыластарға қарсы маңызды ойын. Біз ұпай жоғалта алмайтын жағдайға тап болдық. Қарсыласымыздың турнирлік кестеде бізден жоғары тұрғанын ескерсек, үш ұпай алу біз үшін өте маңызды болды. Біріншіден, бүгін өте жауапты ойныаған ойыншыларға алғысымды білдіремін. Өз міндетін атқарған қақпашыға да рахмет. 1:0 есебімен келе жатқанда қарсыластарымыз жиналып, алға шыға бастады, бірақ біз оларға төтеп бере алдық. бірақ бұл кезеңде біз үшін нәтиже маңызды. Бұл кезеңде біз үшін нәтиже маңызды. Ол қазір алдыңғы қатарда», - деді маман.
Алты турдан кейін «Ордабасы» сегіз ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орында келеді. Шымкенттіктер келесі ойынын 3 мамырда «Атырауға» қарсы өткізеді.

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19

Теннис
Кеше 23:15