«Алтын доптың» басты үміткері жарақат алды. Усман Дембеле клубық әлем чемпионатының басталуына қатыса алмайды
Франция құрамасының және «Париж-Сен-Жерменнің» шабуылшысы Усман Дембеле жамбас жарақатын алып, 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатының бастапқы матчына қатыспау қаупі бар.
28 жастағы ойыншының сол аяғы төртбасты бұлшық еті жарақаттанған. Оның сауығуы үш аптаға созылады деп күтілуде.
Дембеле Ұлттар лигасында Германияға қарсы үшінші орын үшін өтетін ойынға қатыса алмайды. Ол сондай-ақ «ПСЖ-ның» 16 маусымға қараған түні Пасаденадағы (Калифорния, АҚШ) «Роз Боул» стадионында өтетін мадридтік «Атлетикоға» қарсы клубтық әлем чемпионатындағы бірінші ойынын жіберіп алуы мүмкін.
Өткен маусымда Усман париждіктер сапында 49 матчқа қатысып, 33 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. Ол «ПСЖ-мен» бірге требл жасады, сондай ақ Лига 1-нің үздік сұрмергені атанды және Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы деп танылды.