locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Усман Дембеле ме, немесе Мэйсон Гринвуд па? Бірегей ереже Лига 1-дің үздік сұрмергендерін анықтады

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Усман Дембеле ме, немесе Мэйсон Гринвуд па? Бірегей ереже Лига 1-дің үздік сұрмергендерін анықтады
ФОТО: Getty Images

Мамырдың 17-нен 18-іне қараған түні Франция чемпионатының 34-ші турының соңғы матчтарында сұрмергендік жарыстың нәтижесі шешілді.

«ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле мен «Марсель» шабуылшысы Мэйсон Гринвуд осы маусымда әрқайсысы 21 голдан соқты. Бірақ Лига 1 ережелеріне сәйкес, үздік сұрмерген жүлдесі пенальтиден аз гол соққан ойыншыға беріледі. Гринвуд ондай доптың жетеуін салса, ал Дембеледе бір ғана гол бар. Бір қызығы, Гринвуд французды «Реннге» қарсы соңғы ойында (4:2) басып озуы мүмкін еді, бірақ ол бірінші таймда 11 метрлік допты сәтті орындай алмады.

Осылайша, 2024/25 жылғы Франция чемпионатының үздік сұрмергені Усман Дембеле болды.

2024/25 жылғы Лига 1-дің толық нәтижелері мына сілтемеде қолжетімді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie