Акис ВАВАЛИС: “Бүгін фаворит анық. АПОЭЛ бапкері құрамда қажетті химияны тапты“
Астаналық “Женіс“ командасының бас бапкері Акис Вавалис 2024/25 маусымындағы Конференция лигасының негізгі кезеңінің алтыншы туры аясында өтетін кипрлік АПОЭЛ мен қазақстандық “Астана“ арасындағы матчқа болжам жасады.
- "Астана" стандарттық жағдайларда айлакер комбинацияларды жиі қолданады. АПОЭЛ бұған дайын болуы керек. Егер екі орталық қорғаушыны есепке алмасақ, командада бойы биік ойыншылар көп емес. Олар көбінесе бұрыштама және айып добынан кейін гол жіберіп алады. Бүгін фаворит анық. Маноло Хименес құрамда қажетті химияны тапты“, – деп келтіреді Вавалистің сөзін Sports.kz радиостанция Sport FM 95.0 сілтеме жасап.
Айта кетейік, АПОЭЛ мен "Астана " арасындағы матч 19 желтоқсан, бейсенбіден 20 желтоқсан, жұмаға қараған түні өтеді және Астана уақытымен 01:00-де басталады.