locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Денис Мамонов «Атырау» клубының бас бапкері атанды: КПЛ-дің аутсайдер командасы үшін жаңа кезең

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Денис Мамонов «Атырау» клубының бас бапкері атанды: КПЛ-дің аутсайдер командасы үшін жаңа кезең
ФОТО: fc_atyrau инстаграм парақшасынан

«Атырау» футбол клубы жаңа бас бапкердің тағайындалғанын ресми түрде жариялады. Бұл қызметке 43 жастағы қазақстандық маман Денис Мамонов келді.

Ол 2025 жылдың 22 сәуірінен бастап уақытша бас бапкер міндетін атқарып келген Қуаныш Қабдоловтың орнын басты.

Мамонов бұған дейін де «Атырау» сапында жұмыс істеген - 2021–2022 жылдары бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. Сонымен қатар, 2024 жылдың қазан айынан бері Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабының мүшесі болып табылады.

Мамановтың бапкерлік мансабында «Ақсу», «Мақтаарал» және «Жетісу» клубтарындағы тәжірибесі бар. Бұл тәжірибесі қазір қиын жағдайда тұрған «мұнайшылар» үшін маңызды артықшылық болмақ.

Қазіргі таңда Қазақстан чемпионатында 12 турдан кейін «Атырау» турнир кестесінің соңғы - 14-орнында тұр және тек төрт ұпайға ие. Клуб жаңа бапкердің келуі жағдайды өзгертіп, командаға жаңа серпін береді деп үміттенеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie