Ақыры. Қазақстан жастар құрамасы 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен толық айырылды
Словакиядан ұтылғаннан кейін тек математикалық мүмкіндік қалған еді, енді ол да жоқ
ФОТО: КФФ
31 наурызда Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Ирландиядан (0:1) жеңіліп қалды. Бұл сәтсіздік Албания мен Сербияға жолдама алу үмітін толықтай жойды.
Финишке үш тур қалғанда Қазақстан, сондай-ақ Молдова мен Андорра құрамалары Еуропа чемпионатына тіпті екінші орыннан шығу үшін де математикалық мүмкіндікпен қош айтысты. Олар үшін қалған іріктеу ойындары енді жай ғана жолдастық кездесулерге айналды.
Дегенмен, Қазақстан алдағы үш матчтың екеуін жолдамаға басты үміткер Англия және Ирландия құрамаларымен өткізеді. Соңғы іріктеу ойыны Молдоваға қарсы болады және ол енді тек жолдастық сипатқа ие, өйткені Ирландия Қазақстанды жеңіп, өз жоспарларынан да айырылды.
