«Үйде ойнау әрдайым жағымды» – Арнольд Кнаубтың әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Беларуське қарсы матч туралы пікірі
Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Беларуське қарсы өтетін матч алдындағы команданың көңіл күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Бізді күрделі ойындар күтіп тұр. Беларусь құрамасы – соңғы Еуропа чемпионатына қатысқан команда. Дайындықты байыппен өткізіп жатырмыз, әзірленіп, қарсыласты талдап жатырмыз. Беларусь сапында Ресей суперлигасында өнер көрсететін ойыншылар бар, сондай-ақ жергілікті чемпионатта ойнайтын футболшылар да бар. Әрине, үйде ойнау әрдайым жағымды, біз үшін жанкүйерлерге жеңіс сыйлау маңызды болады.
Еске сала кетейік, футзалдан 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы матч 20 қазанда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.