«Ахмат» РПЛ-де қалды: Самородов шешуші матчта толық ойын өткізді
Грозныйдың «Ахмат» командасы Ресей Премьер-лигасында қалу үшін өткізілген жауапты өтпелі ойында мінез танытып, Екатеринбургтің «Уралын» 2:0 есебімен жеңді. Осылайша, қос матч қорытындысы бойынша жарыста үстем түсіп, элиталы дивизиондағы орнын сақтап қалды.
Ойынның 7-минутында Георгий Мелкадзе пенальтиден есеп ашты. Ал 90-минутта алаңға ауысып шыққан Даниил Зорин кездесуге нүкте қойды. Бірінші ойында 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін бас бапкер Сергей Ташуев отставкаға кеткен еді.
Жауапты өтпелі матч
«Ахмат» — «Урал» — 2:0 (1:0)
Голдар: Мелкадзе, 7 (пенальти) — 1:0, Зорин, 90 — 2:0
Екі матчтың нәтижесі бойынша: 3:2 — «Ахмат» пайдасына.
Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов «Ахмат» сапында негізгі құрамда алаңға шықты және толық 90 минут ойнады. Алғашқы кездесуде ол екінші таймда алаңға шығып, ойынға серпін берген болатын.