locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Максим Самородов «Зенитпен» өткен матч және «Ахматтың» РПЛ-дегі болашағы туралы

Самородов Петербургтегі сәтсіздік туралы
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Максим Самородов «Зенитпен» өткен матч және «Ахматтың» РПЛ-дегі болашағы туралы
ФОТО: Ахмат ФК

Грозныйлық «Ахмат» шабуылшысы әрі Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының маусымдағы соңғы турында «Зениттен» 0:3 есебімен жеңілген матч жайлы пікір білдірді. Бұл нәтиже бойынша «Ахмат» турнирлік кестеде 14-орынмен шектеліп, келесі маусымда РПЛ-де қалу үшін плей-офф матчтарына қатысатын болды.

Самородов сапардың қиын өткені туралы айтып берді:

«Санкт-Петербургке ұшып бару сәл тосын болды. Басында бәрі жақсы еді, бірақ бір уақытта біз қаланың үстінде біраз айналып жүргенімізді айтты. Кейін Мәскеуге барып қонуға тура келді. Бірақ бұл жағдай ойынға еш әсерін тигізген жоқ. Біз кәсіби спортшымыз, кез келген жағдайға дайын болуымыз керек», - деді Максим «Советский спорт» басылымына берген сұқбатында .

Футболшы сондай-ақ турнирлік кестенің жоғарғы бөлігіндегі тартысқа емес, өз командасының тағдырына көбірек назар аударғанын атап өтті:

«Маған кім чемпион болатыны маңызды болған жоқ. Біз Санкт-Петербургке тек жеңіс үшін келгенбіз. Өкінішке қарай, ол орындалмады. Енді алдымызда плей-офф матчтары бар. РПЛ-дегі орнымызды сақтап қаламыз деп үміттенемін».

«Ахмат» плей-оффта Бірінші лиганың 4-орнында орналасқан «Уралмен» кездеседі. Қос ойыннан тұратын бұл текетірес 28 және 31 мамырда өтеді. Жеңімпаз команда келесі маусымда Премьер-лигада өнер көрсетеді. Екінші жұпта «Пари НН» мен «Сочи» өзара жолдама үшін таласады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie