Африка кубогы-2025: 22 желтоқсандағы матчтардың кестесі және онлайн қайдан көруге болады
Бүгін Мароккода турнир аясында үш кездесу өтеді, оның ішінде Мали — Замбия және ОАР — Ангола ойындары бар
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
21-нен 22 желтоқсанға қараған түні Мароккода Африка Ұлттар кубогы (AFCON) 2025 басталды.
Бүгінгі ойындардың кестесі (Қазақстан уақытымен):
- 19:00 — Мали — Замбия
- 22:00 — Оңтүстік Африка Республикасы — Ангола
- 01:00 — Египет — Зимбабве
Барлық матчтарды тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.
- Ойындардың ең қызықты сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz арнасында қолжетімді!
Еске сала кетейік, 21-нен 22 желтоқсанға қараған түні турнирдің ашылу матчында Марокко құрамасы Комор аралдары командасын 2:0 есебімен жеңді.
2025 жылғы Африка кубогы Мароккода өтуде, оған 24 ұлттық құрама қатысуда, олар алты топқа бөлінген. Турнир 19 қаңтарға дейін жалғасады. Африка кубогының қазіргі чемпионы — Кот-д’Ивуар құрамасы.