locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Марокко күткен нәтижемен Комор аралдарын КАН-ның ашылу матчында жеңді

Фаворит Диас пен Эль-Каабидің екінші таймдағы голдарымен жеңіске жетті
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: x.com/CAF_Online

2025 жылғы Африка ұлттар кубогы 21 желтоқсанда басталды. Турнирдің ашылу матчында алаң иелері – Марокко құрамасы Комор аралдарының командасын қабылдады.

Ойын Рабаттағы Stade Prince Moulay Abdallah стадионында өтті.

Турнир иелері матчтың алғашқы минутынан-ақ бастаманы өз қолына алды. 9-минутта Ромен Саисс Браим Диасқа қарсы тәртіп бұзып, нәтижесінде пенальти белгіленді.

«Аль-Айн» шабуылшысы Суфиан Рахими пенальти тебуге жақындады, алайда оның соққысы мақсатына жетпеді. Комор аралдарының қақпашысы Янник Пандор керемет аяқпен сейв жасап, Мароккоға турнирдің алғашқы голын соғуға мүмкіндік бермеді.

Марокколықтар есепті тек екінші таймда аша алды. 55-минутта мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Диас өз құрамасын алға шығарды. Оған пас берген — «Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Нуссаир Мазрауи.

Ал араға 20 минут салып, «Олимпиакос» шабуылшысы Аюб Эль-Кааби өз құрамасының басымдығын еселеді.

Айта кетейік, дүйсенбі, 22 желтоқсанда А тобында тағы бір матч өтеді: Касабланкада Мали мен Замбия кездеседі.

Бұған дейін біз сіздерге 2025 жылғы Африка ұлттар кубогын қайдан көруге болатыны туралы ақпарат дайындаған едік. Турнир Мароккода өтуде.

КАН-2025
А тобы
Марокко – Комор аралдары 2:0
Голдар: Диас, 55; Эль-Кааби, 74

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie