locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Адиев басқаратын «Химки» «Зенитпен» кездесуге екінші құрамды жіберуі мүмкін

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Адиев басқаратын «Химки» «Зенитпен» кездесуге екінші құрамды жіберуі мүмкін
ФОТО: ФК Химки

Магомед Адиев бастаған «Химкінің» қосалқы құрамы егер негізгі ойыншылар матчқа бойкот жарияласа, үш күнде екі матч өткізуі мүмкін, деп хабарлайды СЭ.

18 сәуірде «Химки-2» Тамбовтың «Спартагымен» ойнайды. Ал 20 сәуір күні команда РПЛ 25-ші турының матчында «Зенитке» қарсы ойынға баруы мүмкін.

«Химкиде» ойыншыларды қаржылық мәселелер алаңдатуда. Клуб ойыншылары бірнеше ай бойы жалақыларын ала алмайды.

Магомед Адиев жетекшілік еткен алғашқы жаттығуы да үзілді. Футболшылар жаттығуға бойкот жариялауды ұйғарып, алаңға шықпады. Оның орнына жаттығу залында он минутқа жетпейтін қысқа дайындықпен шектелген.

Бұған дейін РПЛ басшысы Александр Алаев клубтағы жағдай туралы өз ойын айтқан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie