locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ескі достардың кездесуі: Магомед Адиевтің клубы «Зенитке» минималды есеппен ұтылды, Алип екінші таймда алаңға шықты

Футбол
Азат Максутбек
Азат Максутбек
Ескі достардың кездесуі: Магомед Адиевтің клубы «Зенитке» минималды есеппен ұтылды, Алип екінші таймда алаңға шықты
ФОТО: Instagram

Ресей Премьер-лигасының 25-ші турында Санкт-Петербордың «Зенит» командасы өз алаңында «Газпром Арена» стадионында Мәскеу облысының «Химки» командасын қабылдап, минималды жеңіске жетті - 1:0. Матчтағы жалғыз голды 22-минутта Лучано Гонду соқты.

Екінші таймда алаң иелері Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпті алаңға шығарды – ол 70-минутта гол авторын ауыстырып, матч соңында «Зенитке» басымдылығын сақтауға көмектесті.

Бір қызығы, «Зениттің» қарсыласы «Химкиді» жақында Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жаттықтырды. Оның командасы есесін қайтаруға тырысты, бірақ петерборлық қорғанысты бұзып өте алмады.

РПЛ. 25 тур

«Зенит» — «Химки» — 1:0

Голдар: Гонду, 22.

Осы жеңістен кейін «Зенит» 53 ұпаймен РПЛ турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілді. Бірінші орында Краснодар қалды (55), ал Мәскеу Спартак 50 ұпаймен үшінші орында. «Химки» 23 ұпаймен 12-орында.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie