locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Химки» ойыншылары Адиевтің алғашқы жаттығуына бойкот жариялады

ФОТО: ФК Химки

Мәскеу маңындағы «Химки» клубындағы дағдарыс жалғасуда.

Соңғы бірнеше айда команда қаржылық қиындықтарға тап болып, жалақылар кешіктірілуде, ал ұжым ішіндегі жағдай күрделене түскен. Бас бапкер Артига мен оның көмекшісі бұл ахуалға шыдамаған соң, келісімшартты бұзу талаптарын қойып, артынан клубтан кетіп қалды.

Футболшыларды ашуландырғаны — бапкерлерге бірден есеп айырысқанымен, ойыншыларға жалақыны тек 2026 жылдың қысына дейін бөліп төлеу ұсынылған. Бұл жағдай наразылық туғызып, жаттығудан бас тартуға себеп болды. Жаңа бас бапкер Магомед Адиевтің алғашқы жаттығуы сол күйі өтпей қалды.

«Спорт-Экспресс» мәліметінше, ойыншылар алаңға шықпаған, оның орнына жаттығу залында он минутқа жетпейтін қысқа дайындықпен шектелген.

Айта кетейік, бұған дейін Адиевке «Атырау» қызығушылық танытқан, бірақ ол таңдауын «Химкиден» жасаған. Қазір команда 24 турдан кейін турнирлік кестеде 12-орында тұр. Қауіп аймағынан оларды бар болғаны үш ұпай ғана бөліп тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie