locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

2026 жылғы әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшылар

Криштиану Роналду футболшылар арасында табыс көлемі бойынша көш бастап тұр
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
2026 жылғы әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшылар
ФОТО: Getty images

Футболдағы жалақы көлемі әлдеқашан ондаған миллион еуромен есептелетін деңгейге жетті. Алайда осындай қомақты сомалардың арасында да Криштиану Роналдудың келісімшарты ерекше көзге түседі. Португалиялық шабуылшы 2026 жылы әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшы мәртебесін сақтап қалды.

Sports24.kz жылдық жалақысы ең жоғары он футболшының тізімін жинақтады. Рейтингте Сауд Арабиясы клубтарының өкілдері басым болғанымен, Еуропаның басты жұлдыздары да үздік ондықтан орын алды.

1. Криштиану Роналду – «Әл-Наср» – жылына €207 млн

Роналдудың табысы өзгелерден айтарлықтай жоғары. Ұсынылған мәлімет бойынша, «Әл-Наср» капитаны бір жылда €207 млн алады. Бұл екінші орында тұрған футболшының жалақысынан төрт есеге жуық көп.

Жасына қарамастан, португалиялық футболшы «Әл-Насрдың» басты тұлғасы әрі Сауд Арабиясы чемпионатының ең танымал ойыншыларының бірі болып қала береді. Оның клубқа берер пайдасы алаңдағы нәтижемен ғана шектелмейді. Роналдудың есімі халықаралық аудиторияны, демеушілерді және әлемдік медианың назарын Сауд Арабиясы футболына аударып отыр.

ФОТО: Getty images

2. Рияд Марез – «Әл-Ахли» – жылына €55 млн

Екінші орында Рияд Марез тұр. Алжирлік футболшы «Әл-Ахлиде» бір маусымда €55 млн табыс табады. Дегенмен мұндай қомақты соманың өзі Роналдудың келісімшартымен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Англиядан Сауд Арабиясына ауысқаннан кейін Марез жергілікті чемпионаттың басты жұлдыздарының біріне айналып, Африка құрлығының ең жоғары жалақы алатын футболшылары қатарындағы орнын сақтап қалды.

ФОТО: Getty images

3. Карим Бензема - «Әл-Хиләл» – – жылына €53 млн

Үздік үштікті жылына €53 млн алатын Карим Бензема түйіндеді. «Алтын доп» иегері Сауд Арабиясы футболындағы ең қымбат жұлдыздардың бірі болып қала береді.

Таяу Шығысқа ауысу француз шабуылшысына мансабындағы ең ірі келісімшарттардың бірін алып келді. Соған қарамастан, Бензема мен көш басындағы Роналдудың жылдық табысы арасындағы айырмашылық €150 млн-нан асады.

ФОТО: Getty images

4. Садио Мане – «Әл-Наср» – жылына €42 млн

Төртінші сатыда «Әл-Насрдың» тағы бір өкілі Садио Мане орналасқан. Сенегалдық шабуылшының жылдық жалақысы €42 млн-ға тең.

Мане Роналдумен бірге клубтың ең танымал ойыншыларының қатарында. Рейтингтің алғашқы төрттігіне кірген «Әл-Насрдың» қос жұлдызының жалпы жылдық табысы €250 млн-ға жуықтайды.

ФОТО: Getty images

5. Калиду Кулибали – «Әл-Хиләл» – жылына €36 млн

Алғашқы бестікті Калиду Кулибали қорытындылады. «Әл-Хиләл»қорғаушысының жылдық жалақысы €36 млн деп бағаланады.

Көбіне шабуыл шебіндегі ойыншылар үстемдік ететін мұндай рейтингте Кулибали қорғаушылар арасынан үздік бестікке енген санаулы футболшылардың бірі. Оның табысы Еуропаның жетекші чемпионаттарында өнер көрсететін көптеген жұлдыздардан жоғары.

ФОТО: Getty images

6. Килиан Мбаппе – «Реал Мадрид» – жылына €33,5 млн

Еуропалық клубтардың өкілдері арасынан тізімде ең жоғары тұрған футболшы – Килиан Мбаппе. Француз жұлдызы «Реал Мадридте» жылына €33,5 млн алады.

Мбаппе әлем футболының басты жұлдыздарының бірі саналғанымен, оның Мадридтегі жалақысы Роналдудың Сауд Арабиясындағы табысынан алты еседен астам аз.

ФОТО: Getty images

7. Эрлинг Холанд – «Манчестер Сити» – жылына €32,5 млн

Келесі орында Эрлинг Холанд тұр. «Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшысы жылына €32,5 млн табыс табады.

Холанд Мбаппеден небәрі €1 млн-ға қалып отыр және Англия Премьер-лигасындағы ең жоғары жалақы алатын футболшылардың бірі саналады. Дегенмен қаржылық тұрғыда Еуропаның алпауыт клубтарына Сауд Арабиясындағы ірі келісімшарттармен бәсекелесу оңай емес.

ФОТО: Getty images

8. Лионель Месси – «Интер Майами» – жылына $28,3 млн

MLS ойыншылары қауымдастығының мәліметінше, Лионель Мессидің негізгі жылдық жалақысы $25 млн-ды құрайды. Кепілдендірілген төлемдерді қоса есептегенде, аргентиналықтың «Интер Майамимен» келісімшарт бойынша табысы бір маусымда $28,3 млн-ға жетеді. Месси MLS-тегі ең жоғары жалақы алатын футболшы болып қала береді.

ФОТО: Getty images

9. Сергей Милинкович-Савич –«Әл-Хиләл» – жылына €27 млн

Сергей Милинкович-Савич «Әл-Хиләл» сапында жылына €27 млн алады. Сербиялық жартылай қорғаушы Кулибалиден кейін осы клубтан үздік ондыққа кірген екінші футболшы атанды.

Серия А-дан Сауд Арабиясына ауысу Милинкович-Савичтің табысын айтарлықтай арттырып, әлемдегі ең жоғары жалақы алатын ойыншылар қатарына қосылуына мүмкіндік берді.

ФОТО: Getty images

10. Айван Тоуни – «Әл-Ахли» – жылына €27 млн

Айван Тоуни де жылына €27 млн алады. «Әл-Ахлидің» ағылшын шабуылшысы табыс көлемі бойынша Милинкович-Савичпен теңесті.

Тоунидің келісімшарты Сауд Арабиясы клубтарының Еуропаның жетекші чемпионаттарынан футболшыларды тарту үшін қаншалықты қомақты қаржы ұсынуға дайын екенін тағы бір мәрте көрсетеді.

ФОТО: Getty images

Осылайша, әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшылардың үздік ондығында Сауд Арабиясы клубтарының өкілдері басым. Еуропа футболынан тізімге Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холанд енсе, Лионель Месси MLS-тің жалғыз өкілі атанды. Ал Криштиану Роналду бәсекелестерінен әлі де оқ бойы озық – жылына €207 млн табатын португалиялық рейтингтің сөзсіз көшбасшысы болып қала береді.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie