locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

11 турдан кейінгі турнирлік тартыс: «Астана» көш бастады, «Қайрат» пен «Ақтөбе» өкшелеп келеді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
11 турдан кейінгі турнирлік тартыс: «Астана» көш бастады, «Қайрат» пен «Ақтөбе» өкшелеп келеді
ФОТО: Астана ФК

31 мамыр күні Қазақстан Премьер-лигасында 11-тур өз мәресіне жетті. Бұл тур жанкүйерлерге шынайы футбол драмасын, ерлік жеңістер мен турнир кестесіндегі өзгерістерді сыйлады. Орталық кездесулер тек нәтижелілігімен ғана емес, көшбасшылар қатарына тікелей әсерімен есте қалды.

11-турдың басты оқиғасы Ақтөбеде өтті. Жергілікті команда чемпиондыққа таласып жүрген қарсыласы – алматылық «Қайратты» қабылдады. Ойын орталық матч атауына толық сай келді: алғашқы болып есепті «Ақтөбе» ашқанымен, «Қайрат» матчты өз пайдасына бұрып, 2:1 есебімен жеңісті жұлып алды. Шешуші голды 87-минутта 16 жастағы Дастан Сәтпаев соқты. Бұл оның маусымдағы сегізінші голы - ол сұрмергендер жарысында жеке-дара көш бастады. Жеңістің арқасында «Қайрат» екінші орынға көтерілсе, «Ақтөбе» үшінші орынға сырғыды.

Семейдегі нәтиже де турнир тағдырына әсер етті. «Астана» сырт алаңда «Елімайды» сенімді түрде 2:0 есебімен ұтып, басты бәсекелестерінің сүрінуін пайдаланып, 27 ұпаймен чемпионат көшін жеке-дара бастады.

Костанайда өткен ойын турдағы ең ірі жеңіспен аяқталды - «Тобыл» «Атырауды» тас-талқан етіп, 5:0 есебімен ұтты.

Тағы бір назар аударарлық нәтиже - «Ордабасы» мен «Жеңіс» арасындағы тең ойын (2:2). Бұл — шымкенттіктер үшін қатарынан екінші матчта жеңіссіз нәтиже. Өзге кездесулерде: «Ұлытау» «Тұраннан» 2:1 есебімен басым түссе, «Оқжетпес» тартысты матчта «Қызылжарды» 3:2 есебімен тізе бүктірді. Ал «Қайсар» соңғы секундтарда «Жетісумен» тең түсті - 2:2.

11 турдан кейін турнир кестесінің шыңында - 27 ұпаймен «Астана». Екінші орында - «Қайрат» (26), ал үздік үштікті «Ақтөбе» (25) түйіндеп тұр. Қауіп аймағында әзірге «Жеңіс» (7 ұпай) пен небәрі 4 ұпай еншілеген «Атырау» орналасқан.

Келесі, 12-тур, ұлттық құрама матчтарына байланысты үзілістен кейін 14 маусымда басталады.

ФОТО: kff league
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie