«Қайсар» соңғы секундтарда жеңілістен құтылды. Қызылордадағы тартысты тең ойын
31 мамыр күні Қазақстан Премьер-лигасының 11-турындағы қорытынды матчта «Қайсар» өз алаңында «Жетісуды» қабылдады. Кездесу аса шиеленісті өтті әрі 2:2 есебімен тең аяқталды.
Ойынның есебін 57-минутта Жалмұхан ашты. Алайда 10 минут өткен соң қонақтар есепті теңестірді — дәл соққымен Шмидт ерекшеленді. Матч соңында Ковель «Жетісуды» алға шығарды, енді жеңіс талдықорғандықтардың еншісінде қалатындай көрінді. Бірақ қосымша уақыттың жетінші минутында Мырзагалиев айып алаңында пайда болған сәтті ұтымды пайдаланып, «Қайсарды» жеңілістен құтқарып қалды.
КПЛ. 11-тур
«Қайсар» — «Жетісу» — 2:2
Голдар: Жалмұхан, 57 (1:0), Шмидт, 67 (1:1), Ковель, 88 (1:2), Мырзагалиев, 90+7 (2:2)
Осы ойынан кейін «Қайсар» 11 ұпаймен турнир кестесінде 10-орынға жайғасты. «Жетісудың» еншісінде 9 ұпай бар және олар 11-сатыда тұр.