locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыста» қақпашылар құрамында өзгеріс болуы мүмкін — инсайд

Хантер Шепард клубтан кетеді, ал оның орнына «Трактордың» қақпашысы келеді
Хоккей
«Барыс» қақпасында кадрлық өзгеріс болуы мүмкін — инсайд
ФОТО: ХК «Барыс»

Америкалық қақпашы Хантер Шепард астаналық «Барыстан» кетуге жақын. Алдағы кадрлық өзгерістер туралы ақпаратты хоккей инсайдері растады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ықтимал трансфер туралы ресейлік журналист әрі хоккей инсайдері, «Хайруллин Live» Telegram-арнасының авторы Артур Хайруллин мәлімдеді.

Оның ақпаратына сүйенсек, америкалық қақпашының орнын астаналық клуб құрамында челябілік «Трактор» сапында өнер көрсетіп жүрген ресейлік қақпашы Дмитрий Николаев басуы мүмкін.

Бұған дейін Шепардтың командадан кетуі мүмкін екенін «КХЛ трансферлері» Telegram-арнасы да хабарлаған. Осылайша, америкалық қақпашының Қазақстан командасынан кететіні туралы ақпаратты екі дереккөз растады.

Континенталдық хоккей лигасының осы маусымында Шепард 13 матч өткізіп, төрт рет жеңіске жетті. Қақпашының соққыларды қайтару көрсеткіші — 87,5 пайыз, ал сенімділік коэффициенті — 3,37.

Еске салайық, америкалық қақпашының кетуі мүмкін деген қауесет қазан айында-ақ тараған болатын. Ол кезде «Барыс» басшылығы хоккейшімен келісімшартты бұзу немесе оны басқа командаға айырбастау нұсқаларын қарастырып жатқаны хабарланған еді.

Алайда кейін клубтың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, ынтымақтастықты тоқтату жөнінде келіссөз жүргізілмей жатқанын мәлімдеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie