locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібекке Фьюридің бокс кешінде жекпе-жек өткізу ұсынылды

Мұндай бокс кешінде өнер көрсету әбден абырой болар еді
Жәнібекке Фьюридің бокс кешінде жекпе-жек өткізу ұсынылды
Коллаж: Sports24.kz / Getty Images

Тамыз айының ортасында WBO Жәнібек Әлімханұлының екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегіне санкция берді. Жанкүйерлер «Qazaq Style» лақап атымен танымал боксшының рингке қайта оралуын асыға күтуде және бұл жекпе-жекті жұлдызды бокс кештерінің бірінде өткізуді ұсынып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ұлыбританиядан шыққан Chewy атты Х әлеуметтік желісінің қолданушысы Әлімханұлының Хамза Ширазға қарсы WBO санкция берген жекпе-жегін басты жекпе-жегі Тайсон Фьюри мен Агит Кабайел арасындағы кездесу болатын бокс кешінің екінші жекпе-жегі ретінде өткізуді ұсынды.

Еске салайық, бұл жекпе-жек WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өтуі тиіс. 2026 жылдың маусым айының соңында белбеудің қазіргі иегері Александр Усик одан бас тартқаннан кейін, титул неміс боксшысына өтті.

Әзірге Кабайелдің белбеуін кімге қарсы қорғайтыны белгісіз. Үміткерлер қатарында Фьюриден бөлек, оның әйгілі отандасы «Жалмауыз қарын» Энтони Джошуа да бар.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie