locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібек Әлімханұлы Юбэнк пен Бенн арасындағы жекпе-жек жайлы: \"Бұл екеуі жай ғана шоу жасап жүр\"

Жәнібек Әлімханұлы Юбэнк пен Бенн арасындағы жекпе-жек жайлы: "Бұл екеуі жай ғана шоу жасап жүр"
ФОТО: Getty images

Британдық боксшылар Крис Юбэнк пен Конор Бенн өздерінің жекпе-жегіне тек спорттық интрига ғана емес, сонымен қатар түрлі провокациялар арқылы да назар аудартуда. Олардың жақында өтетін шайқасы шынайы бокс айқасынан гөрі шоуға айналып бара жатқандай.

Жақында өткен ресми баспасөз мәслихаты барысында Юбэнк Бенннің бетіне жұмыртқа лақтырып, оны келеке етті. Бұл қылығы боксерлік қоғамдастықта үлкен резонанс тудырды. Осы әрекеті үшін британдық бокс бақылау кеңесі оған100 мың фунт стерлингке жуық (шамамен 63 миллион теңге) айыппұл салды.

Бұл жағдай Жәнібек Әлімханұлының айтқандарын растай түседі. Қазақстандық чемпион бұл жекпе-жектің шынайы спорттық маңыздылығына күмән келтіреді.

“Бұл екеуі жай ғана шоу жасап жүр. Олардың шын мәнінде боксқа дайындалып жатқанын көріп тұрған жоқпын. Ерекше ештеңе күтпеймін. Бірақ Беннің өзіндік стилі бар, ол қызықты жекпе-жектер өткізе алады,” – деп пікір білдірді Жәнібек Seconds Out арнасына берген сұқбатында.

Британдық боксшылар жекпе-жектің айналасында хайп жасап жатқанда, Қазақстандық IBF/WBO чемпионы өз титулдарын қорғауға дайындалуда. 5 сәуірде Астанада ол Франциядан келген Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) қарсы рингке шығады.

Бұған дейін, Әлімханұлы Канеломен жекпе-жекке 100% дайын екенін және үлкен сынақтарға ашық екенін мәлімдеген еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie