"Ол өз орнын біледі". Әлімханұлы Канелоны жеңу оңай болатынына сенімді


Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы төрт белбеудің иегері мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жекке шығуға дайын екенін тағы да мәлімдеді.
"Мен онымен кездесу үшін 100% дайынмын, және бұл мен үшін оңай болады. Біз одан ешқандай ерекшелік немесе ерекше нәрсе көріп тұрған жоқпыз. Барлығы белгілі бір шеңберде. Менің ойымша, ол бұрынғыдай белсенді емес. Ол бұрынғыдай барлығына тап беретіндей жағдайда емес. Ол өз орнын біледі", – деді Жәнібек Seconds Out YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Әлімханұлы келесі жекпе-жегін жеңілмеген француз Анауэль Нгамиссенгемен өткізеді. Бұл кездесу 5 сәуірде Астанада өтеді.
Бұған дейін Жәнібек осы жекпе-жекке дайындығы туралы айтып өткен еді.
