locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Юбэнк Бенннің бетіне жұмыртқаны жарып жіберді

ВИДЕО. Юбэнк Бенннің бетіне жұмыртқаны жарып жіберді
ФОТО: Getty images

2025 жылдың 25 ақпанында Манчестерде Крис Юбэнк-кіші (34-3, 25 КО) мен Конор Бенн (23-0, 14 КО) арасындағы алдағы жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихаты өтті. Алайда іс-шара жоспардан тыс жанжалмен аяқталды.

Көз арбастыру кезінде Юбэнк-кіші кенеттен қалтасынан шикі жұмыртқа алып шығып, оны Бенннің бетіне ұрды. Мұндай күтпеген әрекет бірден қызу айтысқа ұласып, қауіпсіздік қызметкерлеріне араласуға тура келді.

Юбэнк-кішінің бұл қадамы Бенннің 2022 жылғы допинг дауына жасалған ишара еді. Сол жылы олардың алғашқы жекпе-жегі Бенннің қанынан кломифен табылған соң тоқтатылған болатын. Боксшы оның ағзаға көп жұмыртқа жеу арқылы түсуі мүмкін екенін айтып ақталған.

Енді Юбэнк-кіші қарсыласын дәл осы “жұмыртқа дауын” бетіне басып, жанжалдың жаңа толқынын тудырды.

Юбэнк-кіші мен Бенн арасындағы жекпе-жек 2025 жылғы 26 сәуірде Лондонда, “Тоттенхэм Хотспур” стадионында өтеді. Бұл айқас Сауд Арабиясының қолдауымен ұйымдастырылған Riyadh Season фестивалінің басты оқиғаларының бірі болмақ.

Қарсыластардың тартысы әке жолын жалғастыру мәніне ие. 1990 жылы Крис Юбэнк-үлкен Найджел Беннді техникалық нокаутпен жеңген, ал 1993 жылы олардың реваншы тең аяқталған. Енді олардың ұлдары тарихты қайта жазуға дайын.

Бұл тек жеке айқас емес, әлемдік деңгейге шығудың мүмкіндігі. Сауд Арабиясының ойын-сауық басқармасының басшысы Турки әл-Шейхтің айтуынша, Юбэнк-кіші мен Бенн арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы Сауль “Канело” Альвареспен 2026 жылдың басында кездесу мүмкіндігіне ие болуы мүмкін.

Яғни, бұл жекпе-жек тек өткеннің есебін түгендейтін айқас қана емес, жеңімпазды әлемдік бокстың ең биік шыңына жетелейтін маңызды қадам болмақ.

Бұған дейін біз Флойд Мейвезердің қазіргі таңдағы ең үздік боксшы туралы пікірін хабарлаған едік.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie