locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтен шығып қалды: оған не себеп

Жәнібек Әлімханұлы BoxRec әлемдік рейтингінен шығарылды
Бокс
Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтен шығып қалды: оған не себеп
ФОТО: Getty images

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) беделді BoxRec статистикалық порталының рейтингінен шығарылды. Бұған бұрынғы әлем чемпионының ұзақ уақыт бойы шаршы алаңға шықпауы себеп болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Портал қазақстандық спортшының жеке парақшасына «белсенді емес» мәртебесін берген. BoxRec ережесіне сәйкес, бір жылдан астам уақыт жекпе-жек өткізбеген боксшылар рейтингтен автоматты түрде шығарылады.

Бұған дейін Әлімханұлы орта салмақтағы әлемдік рейтингте көш бастап, салмақ дәрежесіне қарамастан Қазақстанның үздік боксшылары тізімінде бірінші орында тұрған. Сондай-ақ отандасымыз әлемнің үздік 20 кәсіпқой боксшысының қатарына енген еді. Енді орта салмақтағы рейтингтің көш басына кубалық Эрисланди Лара жайғасты.

Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізді. Сол кездесуде қазақстандық боксшы франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғаған болатын.

Сол жылдың желтоқсанында Әлімханұлы Эрисланди Ларамен чемпиондық белбеулерді біріктіру жекпе-жегін өткізуі тиіс еді. Алайда қазақстандықтың допинг сынамасынан мельдоний анықталып, кездесу өтпей қалды. Кейін жарыстардан шеттетілген боксшы IBF белбеуін белгіленген мерзімде қорғай алмай, чемпиондық атағынан айырылды.

2026 жылдың шілдесінде WBO Әлімханұлының дисквалификациясын мерзімінен бұрын алып тастады. Артынша отандасымыз орта салмақтағы WBO белбеуінен өз еркімен бас тартып, мансабын екінші орта салмақта жалғастыратынын мәлімдеді.

Қазақстандық боксшының шаршы алаңға оралуы 2027 жылдың 23 қаңтарына жоспарланған. Данияның Хорсенс қаласында Жәнібек жеңіліп көрмеген Якоб Банкпен WBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Алдағы кездесу Әлімханұлы үшін 22 айға жуық үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек қана емес, екінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атануға берілген мүмкіндік болмақ.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie