locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

World Boxing ұйымының жаңа президенті Головкин тағайындала салысымен салмақты мәлімдеме жасады

Геннадий Головкин World Boxing президенті болып сайланғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады
Бокс
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
World Boxing ұйымының жаңа президенті Головкин тағайындала салысымен салмақты мәлімдеме жасады
ФОТО: olympic

World Boxing халықаралық федерациясының жаңадан сайланған президенті Геннадий Головкин алғашқы ресми үндеуін жариялап, алдағы жылдарға арналған басты міндеттер мен жұмысының негізгі бағыттарын айқындап берді.

Головкиннің айтуынша, әлемдік ұйымды басқару – үлкен мәртебе әрі олимпиадалық боксқа қатысы бар бүкіл қауымдастық алдындағы зор жауапкершілік. Ол қызметін бірден бастайтынын айтып, басты назар спортшылардың мүддесін қорғау мен Халықаралық олимпиадалық комитеттің толық сенімін қалпына келтіруге бағытталатынын атап өтті.

«World Boxing президенті ретінде бұл жерде тұру – мен үшін үлкен құрмет. Мен адал қызмет етіп, бар күш-жігерімді осы салаға арнаймын - бұл тек бастамасы ғана. Біздің миссиямыз анық - бокстың ҰОҚ тарапынан толық мойындалуын қамтамасыз ету және спортшыларымыздың Брисбен Олимпиадасына және оның кейінгі ойындарына қатысуына жол ашу. Әр боксшы әділ әрі қауіпсіз спортта дамуға құқылы. Біз біріккен сәтте бокстың болашағы да бір отбасы сияқты алға қадам басады. Біз мұны сөзбен емес, іспен дәлелдейміз. World Boxing олимпиадалық қауымдастық сенім арта алатын ұйымға айналады. Біз тәуелсіз боламыз, бірақ Олимпиаданың құндылықтарын құрметтейміз. Адалдық, тең мүмкіндік және ашық жұмыс арқылы біз сенімді қалпына келтіріп, олимпиадалық отбасының лайықты мүшесі боламыз», - деді Головкин.

Еске сала кетейік, 23 қараша күні Римде өткен конгресте Геннадий Головкин бірауыздан дауыс беріліп, World Boxing ұйымының жаңа президенті болып бекітілді. Осылайша ол олимпиадалық спорт деңгейіндегі халықаралық федерацияны басқарған алғашқы қазақстандық атанды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie