locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сербиядағы бокстан әлем чемпионаты: Қазақстанда неше медаль және жалпы есептегі орыны

ФОТО: Instagram

2025 жылдың 9-16 наурызы аралығында Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін табысты аяқталды. Отандастарымыз жалпы саны алты медаль жеңіп алды – үш алтын, екі күміс және бір қола.

Әлем чемпиондары атанған Назым Қызайбай (48 кг) Қазақстан әйелдер боксы тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы болды. Сондай-ақ Алуа Балқыбекова (50 кг) мен Аида Әбікеева (63 кг) алтын жүлде иеленді. Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Тәліпова (+81 кг) күміс жүлдеге қол жеткізсе, Наталья Богданова (70 кг) қола медаль жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға тұрақтады. Ресей (4 алтын, 1 күміс, 2 қола) көш бастаса, үшінші орынға Түркия (1 алтын, 2 күміс, 2 қола) жайғасты. Құрама команданың бас бапкері – Елдос Сайдалин.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie