Екінші алтын медаль! Алуа Балқыбекова бокстан әйелдер арасындағы Әлем кубогының финалында қытайлық боксшыны ұтты
Бүгін, 16 наурызда бокстан әйелдер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жегінде Қазақстан құрамасы екінші алтынға ие болды!
Алуа Балқыбекова 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда қытайлық Ху Мэйиден мықты болып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы қарсыласына мүмкіндік қалдырмай, құрамаға екінші медаль әкелді.
Естеріңізге сала кетейік, бокстан әйелдер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты Ниш қаласында (Сербияда) өтіп жатыр.
Бұл жетістік Балқыбекованың әлем біріншіліктеріндегі үшінші марапаты болды-2022 жылы ол күміс, ал 2023 жылы қола жеңіп алды. Бұдан басқа, Алуа екі дүркін Азия чемпионы (2021, 2022). Қытайлық Ху Майи турнирді күміс медальмен аяқтады.
Сондай-ақ оқыңыз: Ұлттық құрамадағы алғашқы алтын! Назым Қызайбай бокстан әйелдер арасындағы Әлем кубогының финалында ресейлік боксшыға мүмкіндік қалдырмады