«Қандай ұят». Әлімханұлының менеджері Шираздың Жәнібекпен жекпе-жектен бас тартуына реакция білдірді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас британдық Хамза Шираздың өз клиентімен титулды міндетті қорғау жекпе-жегіне шығудың орнына WBO-ның екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тарту туралы шешіміне реакция білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Ха, менікі дұрыс болып шықты: егер сен кеше қорықсаң, бүгін де қорқасың, ертең де қорқатын боласың. Бокста үйренуге келмейтін екі нәрсе бар: төзімділік және қорқыныш ұялата білу қабілеті. Маған Шираздың WBO титулынан бас тартқаны туралы хабарлады. Қандай ұят!!!» - деп жазды Климас Twitter-де.
Еске салайық, WBO Шираздың супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартқанын растады. WBO әлем чемпионаты комитеті бұл дивизион бойынша шешімін дүйсенбі, 21 қыркүйекте шығарады.
Айта кетейік, Шираз бен Әлімханұлы арасындағы жекпе-жекті өткізу құқығына арналған саудада Queensberry компаниясы жеңіске жетіп, бұл үшін шамамен 1,2 миллион доллар ұсынды. Жекпе-жек 28 қарашада немесе 5 желтоқсанда Лондон, Бирмингем не Нью-Йорк қалаларының бірінде өтуі тиіс еді.