locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Интригалар тоқтасын». Головкин екі лауазымды қатар алып жүру қиындық тудыра ма деген сұраққа жауап берді

Ол өз еркімен кетуге ниеті жоқ екенін ерекше атап өтті
ФОТО: Оlympic.kz

Геннадий Головкин Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында World Boxing президенті мен Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы лауазымдарын қатар алып жүру қиындық тудыра ма деген сұраққа жауап берді.

«Жоқ. Мені дұрыс түсінсін – мен ҰОК-тен кетуді ойлап отырған жоқпын. Мұны бәрі анық білсін. Қазақстан – менің Отаным, мен оны танытып, мақтанышпен қорғаймын. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Мен өз танымалдығымды елімнің спорттық беделін арттыруға барынша пайдаланамын. Сондықтан осы мәселеге байланысты болып жатқан барлық интригалар тоқтасын. Біз ҰОК-ті Халықаралық Олимпиада комитетімен жаңа деңгейдегі әріптестікке шығардық. Белгілі мақсаттар мен міндеттер бар, ауқымды жоспарлар құрылған. Өз еркіммен кету ойымда да жоқ, жоспарымда да жоқ. Керісінше, алдында үлкен мақсаттар қойып, биіктікті одан әрі көтеремін – бұл ХОК-тің толық түсіністігі, серіктестігі мен адами қарым-қатынастары, сенімі және қолдауы арқасында мүмкін болып отыр», – деді Головкин.

Сондай-ақ Головкин World Boxing президенті қызметіне келген соң қазақстандық боксшыларға талап күшейетінін атап өтті, және бокстағы әділетсіз төрелік туралы сұрақтарға жауап берді.

23 қарашада Головкин Римде өткен конгрессте World Boxing-тің жаңа президенті болып сайланып, халықаралық спорттық федерацияны басқарған тұңғыш қазақстандық атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie