«Головкин келді екен деп, ешкімге үміт артудың қажеті жоқ». GGG – қазақстандық боксшыларға
Геннадий Головкин World Boxing президенті болып сайланған соң Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында, өзінің бұл қызметке келуімен қазақстандық боксшыларға бұрынғыдан да көбірек назар аударылатынын атап өтті.
«Мен Олимпиадалық комиссияға келген кезде, қайтадан Қазақстан деген команда бар екенін еске алды. Біздің дәстүріміз болғанын еске алды. Шынымен де әлемдік деңгейде көшбасшы болғанымыз еске түсті, осыған мән бере бастады. Бірақ Олимпиадалық комиссияға келгендегі алғашқы жарыстарымда көрсетілген назардың көпшілігі ақталмады. Себебі спортшыларымыз белгілі біреуден артық екенін айқын көрсете алмады», - деді Головкин.
Ол соңғы бір жылда қазақстандық боксшылардың, ерлер де, әйелдер құрамасының да прогресіне қуанып отырғанын атап өтті. Головкин олардың айтарлықтай өсіп, дамып жатқанын айтты.
Сонымен бірге ол біздің боксшыларға арнаған сөзінде: мен келдім, енді бұдан да көбірек назар болады, талап та күшейеді деп ескертті.
«Егер рингке Қазақстаннан біреу шықса, оған ерекше назар аударылады, әрбір сәтіне мән береді. Керісінше, олар өздеріне екі есе жауапкершілік сезінуі керек. Оларға көз жұма қарамайды. Босансып кетпесін. Мұны бәрі түсінсін. Головкин келді екен деп, ешкімге үміт артудың қажеті жоқ. Боксшыларымыз үшін алаңдайтындар да осыны түсінсін. Қазір өз беделімізді көрсетіп, бастапқы биіктерімізге, дәстүрімізге қайта оралуымыз керек», - деді Головкин.
Сондай-ақ Головкин бокстағы әділқазылыққа қатысты сұрақтарға да жауап берді.
23 қараша күні Головкин Римде өткен конгрестебір ауыздан World Boxing-тің жаңа президенті болып бекітіліп, халықаралық спорт федерациясын басқарған алғашқы қазақстандық атанды.