Фаворит пе? World Boxing Азиада қарсаңында Қазақстан құрамасының көшбасшысын ерекше атап өтті
Қазақстан әйелдер құрамасының бокс бойынша көшбасшысы Наталья Богданова 2026 жылғы Жапонияда өтетін Азия ойындарына қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
World Boxing федерациясы Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірінің дайындығын назарға алып, Богданованың жаттығуынан видео жариялады.
«Қазақстан өкілі Наталья Богданова 2026 жылғы Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр.
Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған спортшы 2022 жылғы Азия ойындарындағы нәтижесін жақсартуды көздейді. Ол сол жарыста қола медаль жеңіп алған болатын. Алдағы Ойындардың басталуына бір аптадан сәл астам уақыт қалды», — делінген World Boxing жарияланымында.
Еске салайық, 8 қыркүйекте Қазақстанның бокс құрамасы Жапонияның Айти — Нагоя аймағында өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың қорытынды кезеңін өткізу үшін жолға шықты. Турнир 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Қазақстан намысын шамамен 560 спортшы қорғайды деп күтілуде.
Бұған дейін Қазақстанның бокс құрамасы Азиада-2026 құрамын жариялаған болатын.